Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысының хаттамасы » А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысының хаттамасы
20
апрель
2023

Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысының хаттамасы

«Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебі» КММ

Жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысы

ХАТТАМА

Өткізілген күні: 2023 жыл 20 сәуір

Уақыты: 16.00

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ»

Күн тәртібі:

  1. Оқу- ағарту министрлігінің ата- аналарға жолдаған үндеуі. Жасөспірімдер арасындағы орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын-алу.           / мектеп директоры Ж.Тулегенов/
  2. Жасөспірімдердің түңгі уақытта ойын- сауық орындарында, көшеде заңды өкілінсіз жүруі. Сабақтан кейінгі уақытының дұрыс ұйымдастырылуы.Бала өмірінің қауіпсіздігі.   /ДТІЖО Ж.Арыкбаева/
  3. Жазғы сауықтыру. Жалпы оқу қорынан сыртқы лагерге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы.  / әлеуметтік педагог Г.Оражанова/
  4. Бала тәрбиесіне  қатысты психолог кеңесі.  / психолог М.Интыбекова/


Тыңдалды. 

  1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ж.Тулегенов сөз алды. Жиналыс тақырыбымен таныстырып, бала өмірінің қауіпсіздігі басты назарда екені ескертті. Жасөспірімдер арасындағы  елімізде орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар туралы сөз қозғалды. Ата- аналарға оқу-ағарту министірі Г.Бейсембаевтың 15.04.2023 ж жолданған үндеуі таныстырылды.

                  2. ДТІЖО Ж.Арыкбаева жасөспірімдердің түңгі уақытта ойын- сауық                                                 орындарында, көшеде заңды өкілінсіз жүруі. Сабақтан кейінгі уақытының дұрыс   ұйымдастырылуы.Бала өмірінің қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

3. Әлеуметтік педагог Г.Оражанова жалпы оқу қорынан сыртқы лагерге баратын әлеуметтік санаттағы балалар туралы айтты. Әлеуметтік санаттағы балалардан  15 оқушы демалады деп жоспарлануда.

4. Мектеп психологы М.Интыбекова бала тәрбиесіне қатысты ата- аналарға кеңестер берді. Баалалардың тұлғалық ерекшеліктіерінің қарым- қатынасына отбасы, отбасының қарым- қатынасы,отбасының психологиялық тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін айтты.

ШЕШІМ

  1. Балалаардың өмірі мен денсаулығын қорғау  ата- ананың басты міндеті екені ескерілсін.
  2. Балаларды сабақтан кейінгі уақытта, әсіресе кешкі уақытта қадағалау, мотоцикл жүргізуге, аңға шығу, балық аулауға жіберу болмайтынын ата- ана назарға алсын.
  3. Психолог кеңестерін назарға алып, балаға отбасында құндылықтарды қалыптастыруға көңіл бөлу.
  4. Құқықтық тәрбие мен психологиялық қызмет жұмысы күшейтілсін.



Мектеп директоры                                      Ж.Тулегенов

                Хатшы                                                           


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив