Тренинг: «Сенім – менің серігім» » А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2023

Тренинг: «Сенім – менің серігім»

Сәлеметсіздер ме! Кіріспе сөзді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлеңімен бастағымыз келеді:Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
Мақсаты:
•Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру
•Оқушыларды өзара сенімділікке үйрету,
• Стрестік қалыптан арылту,
•Топтың бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайту.
Қажетті құрал жабдықтар: Ақ парақ, қаламсап, жапсырма қағаздар, үнтаспа.
1.«Досым қалың қалай…….?» жаттығуы.
Жаттығудың мақсаты: Оқушылардың көңіл - күйін көтеру, бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту.
Шарты:
Қатысушылар дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне доп лақтыра отырып сұрақ қояды. Допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі адамға допты сұрақ қоя отырып лақтырады.
2. «Өміршеңдік ережесі»
Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық:
1.Жігер деген- Мен. 2. Күш деген- Мен. 3. Махаббат деген- Мен. 4. Кешірім деген- Мен. 5. Жасөспірім деген- Мен. 6. Жастық шақ деген- Мен. 7. Денсаулық деген- Мен. 8. Адалдық деген- Мен. 9. Жарқындылық деген- Мен. 10. Ғажайып деген-Мен.
Хормен: Бәрі маған байланысты, Бәрі менің қолымда.
3. «Сенімділік» жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыларды стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.
Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те, ортасынан қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.
4.Жаттығу «Мен саған сенімдімін...»
Мақсаты: өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.
Ойыншылар жұп болып бірігіп, бір-біріне қарама-қарсы отырып, жай көздеріне қарап, үнсіз уақыттан кейін кезекпен мынандай фразалы сөзді аяқтау:
•«Мен саған сенімдімін, сен...»
•Талдау: сөйлемді аяқтау оңай болды ма, әлде қиын болды ма?
•Сенімді сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

5. «Ақиқат орындығы» жаттығуы
Мақсаты: студенттердің қорқыныштары мен стрестерінен арылту, ашық болуға шақыру.
Алдарыңызда карточкалар жиыны тұр. Енді сіздер кезекпен ортаға шығып, аяқталамаған сөйлемдерге жауап берулеріңіз керек.
Карточкадағы сөйлемдер:

•Ең үлкен қорқыныш бұл - ...
•Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
•Мен ренжимін, егер...
•Мен ұмытпаймын егер...
•Маған көңілсіз, егер...
•Егер маған дауыс көтерсе, мен...
•Егер мен сенімсіз болсам...

Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болғандығы жайлы сұралады. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеді.
6. «Қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
Оқушылар екі бағанаға бөлінген ақ парақ беріледі. І бағанаға «сатамын», ІІ бағанаға «сатып аламын» деген сөздер жазылады. Музыка ойналады. Оқушылар өз бойларындағы қандай қасиеттерді сатқылары келеді және қандай қасиеттерді сатып алғылары келетіндіктерін қағазға түсіреді.
Жазып болған соң парақты кеуделеріне ұстап тұрып, өзара сатуға ұсынылған қасиеттермен танысады.
-Қандай қасиеттер көбірек сатылуға ұсынылды?
-Не себепті сатып алғымыз келеді?
-Не себепті сатқың келеді? Сұрақтары бойынша ойынды аяқтаймыз.

7. «Қошеметтер» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушыларды бір-бірін қошеметтеуге баулу.
Нұсқау: өз жандарыңызда отырған жолдастарыңызға қошемет сөз айтып шығасыздар. Мүмкін өз қошметіңізді бір сөзбен немесе бірнеше сөзбен жеткізерсіз, өз еркіңізде. Қошемет алған адам өз алғысын білдіреді.
Талдау: Қошемет айтқан жеңіл ме әлде оны қабылдаған жеңіл ме?
Қорытынды.
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз, мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз! - дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайық! Егер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе,өмірмен бетпе бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең-кезең проблема туындай береді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі, - дей келе бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтаймыз.
Қорытынды бөлімінде студенттер тренинг-сабақтан алған әсерлерімен смайлдар арқылы бөліседі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив