Ғажайып пәндер апталығы » А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
октябрь
2023

Ғажайып пәндер апталығы

2023-2024 оқу жылы 13-24 қараша аралығында өткен 

математика, информатика, физика пәндері онкүндігі бойынша жүргізілген жұмыстарға

талдау

Жұмыс

бағыты

Сипаттамасы

Нәтижесі


Іс- жоспар


Онкүндік жұмысының жоспарлануы 



2023-2024 оқу жылында математика, информатика, физика пәндері онкүндігі 13-24 қараша аралығында пән бірлестігі жетекшісі  Ашримбетова және пән мұғалімдері Рахымберлинова, Байтлеуова, Дандигулованың  тікелей ұйымдастыруымен жүргізілді. 7 қараша күні пән мұғалімдерінің отырысы болып, онкүндікте жүргізілетін іс-шаралар жоспарланды.

Жоспар уақтылы дайындалып, бекітілді. Жоспар кең көлемді, талапқа сай құрылған. онкүндік «Ғажайып пәндер» деген тақырыппен математика, информатика, физика   пәндері бойынша өткізілді.


Безендірілуі

Апталыққа арналған бұрыш шығару


Онкүндіктің жоспары хабарландыру бөлімінде ілінді. Бұрышты безендірген ақпараттар мынадай мазмұнда:

  1. Онкүндіктің тақырыбы, мақсаты
  2. Онкүндіктің өткізу жоспары;
  3. Қызықты тапсырмалар жазылған бұрыш
  4.  «Ең үздік газет, көрмелер» ұйымдастырылды

Өткізілуі

Онкүндіктегі іс-шаралардың жоспарға сай жүргізілуі

Онкүндік өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы  дерлік қамтылды және уақытымен өткізілді. Жоспараланған ашық сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Сыныптан тыс шаралар мен ашық сабақтарда ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылды.

Ашылу салтанаты «Ғажайып пәндер» тақырыбында тартымды басталды. 5-11 сынып оқушылары арасында математика, физика, информатика пәндерінен өткізілген «Қызықты математика», «Кел сайысайық», «Математика, физика, информатика біздің өмірімізде», «Білгір математиктер», «Жас физиктер», «Физика ғажайыптары», «Ақпаратттық жүйелер», «Математика сыры» сайыстары өте қызықты өтті. Қорытынды кеш: «Сұрақтар жәрмеңкесі»» аясында жүргізіліп,оқушылар әр пән мұғалімдері ұсынған сұрақтар мен қызықты тапсырмаларға, тәжірибелерге жауап беріп жинаған ұпайларына сай сыйлықтарын алды

Әр сайысты  қорытындылау кезінде іс- шараларға белсене қатысқан жеке оқушылар мен сыныптар «Алғыс хаттарымен» және «Мадақтамалармен» марапатталынды 


Оқушылардың қатысуы

Мектеп оқушылары-ның онкүндік жұмысына қамтылуы

Онкүндіктің жұмысына 5-11 сынып оқушылары тартылды. Оқушылардың қатысу белсенділігі өте жоғары болды.  

Жүргізілген жұмыстар бойынша белсене қатысқан, жеңімпаз болған сыныптар және жеке оқушылар  марапатталды.


Қорытынды және ұсыныстар




















2023-2024 оқу жылындағы математика, информатика, физика пәндері бойынша жүргізілген онкүндік жұмысын жан-жақты талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады: 

  • Онкүндікте жоспарға сай жұмыс жүргізілді. 
  • Онкүндіктің жұмысына жақсы деген баға берілді. 

Келесі мәселелер бой көтерді:

  • Оқушыларды ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілген жоқ. 
  • Онкүндікте үлгерімі төмен оқушылар қамтылмай қалды
  • Арнайы бұрыш ұйымдастыруға байланысты қиындықтар туындады

 Осы мәселелер арқылы 2023-2024 оқу жылында жұмыстың тиімділігін арттыруды көздейтін мынандай ұсыныстар туындайды:

  • Жоспарлау жұмысын мектепте өткізілетін басқа да іс-шараларды ескере отырып жүргізу.
  • Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлауда Білім беруді дамытудың бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізу. Атап айтқанда, оқушыларды ғылыми-шығармашылық жұмыстарға тарту.
  • Онкүндік барысында мүмкіндігінше барлық сыныптарды  қамту



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив